Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Тоқаев Ресей-Украина қақтығысы туралы: Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайды

Тоқаев Ресей-Украина қақтығысы туралы: Қазақстан бейбітшілік пен тұрақтылықты қалайды

Фото: Aqorda

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс жөнінде ел ұстанымын нақтылап, белсенді әскери іс-қимылдарды тоқтатып, дипломатиялық диалогқа көшу қажеттігін мәлімдеді.

Бұл туралы Qazaqtoday.info сайты хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның басынан-ақ БҰҰ Жарғысының ережелері мен мемлекеттердің аумақтық тұтастығы принципін қатаң ұстанатынын, сондай-ақ украин халқына, оның тарихы, мәдениеті мен тіліне әрдайым құрметпен қарайтынын атап өтті.

Президент соғысты дереу аяқтау қазіргі жағдайда шынайы сценарий емес екенін айтып, негізгі мақсат — атысты тоқтатып, бейбіт келіссөздер үдерісін қайта жандандыру екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді көрнекті мемлекет қайраткері деп бағалап, Қазақстан үшін бейбітшілік пен тұрақтылықтың басты басымдық болып қала беретінін және ел қақтығысты тоқтатуға қолдан келгенше үлес қосуға дайын екенін баса айтты.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Дереккөз: Qazaq Today · Алмас Жарасхан