Алматыда таңертең күтпеген жерден Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жабылып, нәтижесінде жолда үлкен кептеліс пайда болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жол қозғалысына шектеу алдын ала хабарланбағандықтан, көптеген жүргізушілер жұмысқа барар жолда тығырыққа тап болды. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, қозғалыс таңғы сағат 08:00-ден бастап шектелген.

Қала тұрғындары полиция мен әкімдік тарапынан ешқандай ескерту болмағанын айтып, наразылық білдірді.

"Таңғы тосынсый үшін рақмет", "Кептеліс кесірінен көп адам кешікті", "Әуежайға бара жатқан адамдар не істемек?" – деген пікірлерін бөлісті қолданушылар.

Жолды жабу себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Біз бұл жөнінде пікір алу үшін полиция мен қала әкімдігіне жүгіндік, бірақ материал жарияланған сәтке дейін жауап алынбады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Специально для КрисПи | Основа (@kris.p.original)

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget