АҚШ президенті қарашада Оңтүстік Африкада өтетін G20 саммитіне бармайтынын мәлімдеді.

Дональд Трамп бұл шешімді Оңтүстік Африка билігінің қауіпсіздік саласындағы саясатына көңілі толмауымен түсіндірді. Ел президенті Сирил Рамафоса бұл айыптауларды жоққа шығарды. Сонымен қатар, Дональд Трамп 2026 жылы келесі G20 саммитін Майамиде өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Шара АҚШ президентінің гольф-курортында өтеді. Ақ үй басшысы бұл басқосуға Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің қатысатынына үміт білдірді.