Бұл осы елдің шетелдегі алғашқы кеңсесі.

Ресми ашылу салтанаты қыркүйек айында Алматыда өтеді. Жаңа өкілдікте Малайзияның ірі компаниялары орналасады. Бастапқы кезеңде екі елдің кәсіпкерлері халал индустриясы, туризм, жаңартылатын энергия және мұнай-газ салалары бойынша 10 жаңа инвестициялық жобаны қолға алады. Айта кетейік, кеңсе ашу туралы келісімге қос тарап өткен жылы Малайзия премьер-министрінің елімізге ресми сапары аясында қол жеткізді.

Софьян Ариффин, Hadid Group компаниясының бас директоры:

- Бұл кеңсе Hadid Group компаниясымен бірлескен бастама. Біз Қазақстан нарығында 10 жылдан бері мұнай-газ саласында инженерлік қызмет көрсетіп келеміз. Алматыны көлік қатынасының ыңғайлылығы мен өңірлік саудадағы өсіп келе жатқан ролі үшін таңдадық. Алдағы уақытта 40-қа жуық малайзиялық компанияны, оның ішінде шағын және орта бизнесті тартуды жоспарлап отырмыз. Жаңа кеңсе екі ел арасында іскерлік қарым-қатынасты дамытуға жол ашады.