АҚШ-тың арнайы өкілі 6 немесе 7 тамызда Ресейге барады.
Америка Президенті Трамптың айтуынша, Стивен Уиткоффпен кездесуге Мәскеудің өзі ниет білдірген. Сондай-ақ Ақ үй басшысы Кремль белгіленген уақытта Киевпен бітімге келмесе, 9 тамызда Ресейге қарсы жаңа санкция салатынын растады. Жуырда Президент Трамп Владимир Путинге Украинадағы қарулы қақтығысты тоқтатуға 10 күн уақыт берді. Яғни 8 тамызды келісімге келудің соңғы мерзімі ретінде белгілеген болатын. Осыған дейін Кремль басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Батыс санкцияларынан Ресей экономикасы зардап шегіп жатқан жоқ деп мәлімдеген еді.