Павлодарда адам ағзасын сату әрекеті әшкереленді , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шілденің ортасында жедел қызметкерлерге көрші мемлекеттің азаматы бүйрегін сатқалы жатқаны туралы ақпарат түскен. Осы мақсатта шетелдік әйел Павлодар қаласына келіп, баға мен шарттарды талқылап, сатуға келісім берген.
"ҰҚҚКБ қызметкерлері күдіктіні келісілген ақшаның бір бөлігін алу кезінде ұстады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", — деді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!