Үздік ұстаздар 4 миллион теңгеге жуық сыйақы алады.

Елімізде мұғалімдерді қолдау мақсатында «Үздік педагог» байқауы басталды. Оған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері қатыса алады. Байқау үш кезеңнен тұрады. Алғашқы кезеңде аудандық және қалалық деңгейде іріктеу өтіп, кейін облыстық және республикалық деңгейде үздік ұстаздар анықталады. Сайыста мұғалімнің білім саласына қосқан үлесі мен кәсіби шеберлігі ескеріледі. Осымен 13-рет ұйымдастырылып отырған байқауда 700-ден астам педагог үздік деп танылған.