Теннистен Лондонда өтіп жатқан Үлкен Дулыға турнирінің алғашқы жартылай финалистері белгілі болды. Әйелдерден жекелей сында әлемнің бірінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенко спорттық мансабында үшінші рет Уимблдонның финалына шығуға талпынып көреді. Арина биыл ширек финалда неміс спортшысы Лаура Зигемундты қапы қалдырды. Бірінші сетте 4:6 есебімен жеңілген Арина кезекті екі партияны өз есебіне жазды. Оның жартылай финалдағы қарсыласы америкалық спортшы Аманда Анисимова.

Алғашқы айналымда Юлия Путинцеваны жарыс жолынан шығарған теннисші ¼ финалда ресейлік Анастасия Павлюченкованы жеңді. Ерлерлерден тағы бір АҚШ өкілі, әлемдік рейтингте 5-орында тұрған Тейлор Фриц жартылай финалға жолдама алды. Ол ресейлік Карен Хачановтан басым түсті. Финал үшін барын салатын кезекті спортшы, әлемнің екінші ракеткасы Карлос Алькарас. Испания өкілі ширек финалда жарыс қожайынын айқын басымдықпен жеңді. Енді Алькарас екінші рет чемпиондық атағын қорғайды.

Асылбек Данияр