Президенттің тапсырмасына сәйкес , Павлодар мен Екібастұз қалаларында жылу желілерін жөндеу үшін Үкімет резервінен 3,8 млрд теңге бөлінді.

Тиісті Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаражаттың негізгі бөлігі Екібастұзға тиесілі. Ол шаһарда 2 жоба жүзеге асырылады. Ал облыс орталығында жаңа жылу магистралі салынып жатыр. Үкімет резервінен бөлек, бұл жобаларға облыстық бюджеттен 2 млрд теңге жұмсалды. Былтыр жүргізілген жұмыстың нәтижесінде желілердің тозу көреткіші 79 пайызға дейін төмендеді.