Биыл елімізде 3,2 миллионнан астам оқушы жазғы демалыспен қамтылады, деп хабарлайды 24KZ. Оның 500 мыңнан астамы әлеуметтік осал топтағы балалар. Сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоры есебінен «Жаздық жолдама» жобасы аясында 10 мың баланы қабылдау ескерілген. Бағдарлама шеңберінде ауылдық жерлерден шыққан республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары сауықтыру лагерлеріне жіберіледі.
Елде жалпы 10 мыңнан астам лагерь бар. Оның 17-сі жыл он екі ай жұмыс істейді. Одан бөлек, 200-ге жуық маусымдық сауықтыру орталықтары және 10 мыңнан аса мектеп жанынан ашылған.
Жеткіншектердің демалыс сапасы мен қауіпсіздігі басты назарда. Санитарлық жағдайы, балалардың табиғаттағы серуендеуіне және спорт нысандарында бақылау күшейді. Оған қоса жазғы каникул кезеңінде 20 жедел желі жұмыс істейді. Кез келген мәселе бойынша ауызша немесе жазбаша түрде өтініштер мен шағымдар жолдауға мүмкіндік бар.
Алтай Рахимберлин, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті басқармасының басшысы:
- Жалпы жазғы сауықтыру орталықтарына 10-14 жас аралығындағы балалар бара алады. Жалпы бүгінгі күні балаларды сауықтыру орталықтарымен санитарлық-эпидемиялогиялық департаменттерге тиісті қорытынды алу бойынша өтінімдер беріліп жатыр. Өңірлерде өңірлік, ведомствоаралық штабтар құрылып, Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, ТЖД, Санитарлық-эпидемиялогиялық департамент өкілдері балаларды сауықтыру орталықтарының дайындығын тексеріп жүр.