Қазақстан 50-in-5 халықаралық бастамасының қатысушысы атанды. Бұл жайында еліміздің Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнерәсібі министрлігі хабарлады. Жаһандық жоба қоғамдық цифрлық инфрақұрылымды, яғни цифрлық төлем жасауға арналған қауіпсіз платформаларды, мәлімет алмасу базаларын белсенді енгізіп жатқан елдерді біріктіреді. Бұндай жаңа технологиялар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырып қана қоймай , цифрлық экономиканың дамуына ықпал етеді.
50-in-5 жаһандық бастамасының түпкі мақсаты – 2028 жылға қарай 50 елде цифрлық инфрақұрылым элементін енгізу. Айта кетсек, бүгінде еліміздегі eGov Mobile қосымшасын 11 млн-ға жуық қазақстандық пайдаланады. Мобильді қосымшаға күн сайын 354 адам кіреді. Қызметтер бөлімінде 200 сервис қолжетімді. Ал осы eGov Mobile іске қосылғалы онда 82 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетілген.