Арқалықта тері өңдеу зауытының жұмысы қайта жанданды. Қытайлық инвестор кәсіпорынға 6 млрд теңгеден аса қаражат құйған. Жұмыс кезең-кезеңмен іске аспақ. Қазір бар құрылғылар іске қосылып, жылына 12 мың дана өнім шығару көзделіп отыр. 2 жылда өнім көлемі 3 есеге артпақ. Жергілікті тұрғындарға 70-ке жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Әмірхан Асанов, Арқалық қаласының әкімі:
Қазір кәсіпорын тері сатып алу үшін жақын маңдағы барлық ет комбинаттарымен келісімшартқа отырды. Жұмыстың алдыңғы легі басталып кетті. Олар теріні өңдеп, шикізатты өз елдеріне шығарады. Бұдан бөлек 2021 жылы ашылған тері қабылдау пунктіне өнім тапсырған кәсіпкерлер де келісімшарт жасасып жатыр. Сондай-ақ кәсіпорынға қарасты тігін цехын да қалпына келтіру мәселесін қарастырып жатырмыз.
Мәдина Нағашыбай