Алдағы уақытта отандық тауар өндірушілердің өнімдері тұрақты түрде сатып алынады.

Офтейк-келісім-шарттар жасасуға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі қолғабыс етеді. Бұл жайында да бүгінгі Үкімет отырысында холдингтің басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин мәлімдеді. Жергілікті өнеркәсіп өндірісін қолдау үшін импорттық тауарларды азайтуға ден қойылады. Мәселен, тозығы жеткен энергетикалық жəне коммуналдық инфрақұрылым нысандарын жаңғыртуға өзіміздің құбыр зауыттарының өнімдері, электр сымдары, арматура қолданылады. Биыл 30 млрд теңгенің тауарлары мен қызметтері сатып алынған. Жыл аяғына дейін бұл соманы 1,2 трлн теңгеге жеткізу көзделіп отыр.