Бүгінде ұялы байланыс операторлары шағын қаржы ұйымына айналғандай. Абоненттер тек тариф толтырып қана қоймай, түрлі қызметтер үшін төлем жасайды. Ақша аударымдарының сомасына шек қойылмаған. Қаражаттың кімнен, қайда кетіп жатқанынан бейхабармыз. Заңсыз алынған кірістердің де осы жолмен жылыстамауына кім кепіл? Жаңа заңнамада ұялы байланыс операторларын қаржылық бақылауға алу ұсынылды.