Шымкентке жақын маңдағы Састөбе – Ынтымақ аралығында рельске тасталған көлік теміржол қозғалысына айтарлықтай кедергі келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 1 маусым күні таңертең Түлкібас учаскесінде болған.

"Көлік жүргізушісі теміржол жолына автокөлікті тастап, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұл пойыздардың қозғалыс кестесіне әсер етті. Оқиға туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді", – делінген ұлттық компания хабарламасында.

КТЖ өкілдері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет екенін еске салды.

Ережені бұзу – қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіріп, ауыр салдарға әкелуі мүмкін.