МЛС чемпионатының кезекті тур матчтарының бірінде Интер Майами футбол клубы сырт алаңда Цинциннати командасын 5:3 есебімен жеңді. Бұл кездесуде аргентиналық жұлдыз Лионель Месси қарсылас қақпасына үш гол соғып, матчтың басты қаһарманы атанды.
Флорида клубының капитаны үшін бұл голдар кәсіби мансабындағы 908, 909 және 910-гол болды. Осылайша, Месси 23 жылдық футбол жолында жалпы саны 61-хет-трик жасап үлгерді.
38 жастағы шабуылшы "Цинциннати" қақпасына 24, 55 және 89-минуттарда гол соқты. Сонымен қатар, ол бір нәтижелі пас берді.
Осы матчтан кейін аңызға айналған Мессидің гол саны 1153 ойыннан кейін 910-ға жетті:
- "Барселона" сапында – 672 гол,
- Аргентина құрамасы үшін – 116,
- "Интер Майами" үшін – 90,
- ПСЖ құрамында – 32 гол.
Соңғы үш голының арқасында Месси МЛС чемпионатының үздік сұрмергендері тізімінде Уго Кейперспен теңесті. Қазір екеуінің де еншісінде 12 голдан бар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Inter Miami CF (@intermiamicf)
Айта кетейік, "Цинциннатиге" қарсы ойын алдында Месси "Интер Майамидегі" жалақысына қомақты үстемақы алған болатын.