Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық Сандуғаш Кенжебаева Қытайдың Луан қаласында өткен ITF W15 турниріндегі алғашқы ойында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz мәліметінше, турнирдің бірінші айналымында қазақстандық теннисші өзбекстандық Дарья Шубинамен кездесті. Ойын 6:2, 6:4 есебімен Кенжебаеваның пайдасына аяқталды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Daria Shubina (@_daria.shubina_)

Келесі айналымда Кенжебаева Анна Янмен (Қытай) ойнайды.

Бұған дейін әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Римдегі додада ширек финалда жарыс жолын аяқтағанын жазғанбыз. Ол дүниежүзілік рейтингте 10-орында тұрған украиналық Элина Свитолинамен кездесіп, 2:6, 6:4, 6:4 есебімен жеңіліп қалды.