Тыныс — ұлттың үні
Бөлімдер
Хабарламалар

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо “Қайраттан” кетті

Сурет Рикардиньоның әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бразилиялық шабуылшы Рикардиньо тараптардың өзара келісімі бойынша “Қайраттан” кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рикардиньо сары-қаралар сапына 2025 жылғы шілдеде қосылды. Алғашқы голын дебют матчында “Тұранның” қақпасына соқты.

Сондай-ақ бразилиялық футболшы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде лиссабондық “Спортингке” қарсы ойында нәтижелі пас беріп, лондондық “Арсеналдың” қақпасына гол соқты.

Жалпы Рикардиньо “Қайрат” сапында 32 матч өткізіп, 4 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді.