Анталияның танымал курорттық аймағында қазақстандық азамат болуы мүмкін ер адам жол апатынан көз жұмған, деп хабарлайды Ihlas Haber Ajansi агенттігіне сілтеме жасаған BAQ.KZ.

27 жастағы Кубат Аманбеков бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде бармен болып жұмыс істеген. Ол велосипедпен кетіп бара жатқан кезде такси қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жас жігіт оқиға орнында көз жұмған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты 8 мамыр күні түнгі сағат үш шамасында Серик ауданындағы туристік жолда болған. Такси жүргізушісі түсініктеме беру үшін полиция бөліміне жеткізілген.

Басылымның жазуынша, Кубат Аманбеков Қазақстан тумасы болған, соңғы бірнеше жылда Түркияда жұмыс істеп жүрген.

Марқұмның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Қазір оның туыстары мен достары мәйітті елге қайтару мәселесін шешіп жатыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз