"Барселона" футболшылары Испания чемпионатының 2025/26 жылғы маусымындағы матчта мадридтік "Реалды" өз алаңында айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Командалар 35-тур аясында кездесті. Эль-Класико "Камп Ноу" стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Ойында айып соққысын сәтті орындаған ағылшын шабуылшысы Маркус Рэшфорд (9-минут) және испандық форвард Ферран Торрес (18) гол соқты. Екінші гол кезінде испандық хавбек Дани Ольмо нәтижелі пас шығарды.

Матч "Барселонаның" бас жаттықтырушысы Ханс-Дитер Фликтің әкесін еске алу мақсатында бір минуттық үнсіздікпен басталды. Ол Эль-Класико болатын күні қайтыс болған еді.

"Барселона" Ла Лигада қатарынан 11-ші жеңісіне қол жеткізді. Каталониялықтар 91 ұпай жинап, маусымның аяқталуына үш тур қалғанда бірінші орынды иеленді.

Осылайша, олар осымен екінші жыл қатарынан Испания чемпионы атанды. Енді олардың қоржынында барлығы 29 титул бар.

"Реал" 77 ұпаймен екінші орында тұр және күміс жүлдені иеленуге жақын. Мадридтік клуб 36 жеңісімен Испания чемпионаты тарихындағы ең титулды команда болып қала береді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз