Көкшетауда әйелді көлік қағып кетті. Оқиға болған сәттен видео желіде тарады. Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері қылмыстық іс бойынша тергеу бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жантүршігерлік кадрлар Telegram желісіндегі бірнеше арнада жарияланды. Онда жолмен тротуарға қарай жүріп бара жатқан әйелді кенеттен көлік қағып, үстінен басып өткені байқалады.

Видеодан көліктің жолаушы отыратын алдыңғы есігінен ер адам шығып, көліктің астына қарағанын, ал жүргізуші отыратын жағынан әйел адам шыққанын көруге болады. Ол да көліктен секіріп түсіп, көліктің айналасын қарай бастайды.

Ақмола облыстық полиция департаменті өкілдері NUR.KZ тілшісіне жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

"Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеп-тексеру аясында оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті іс-шаралар қабыланып жатыр", — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз