Түркістан қаласындағы жеке тұрғын үй аумағында белгісіз жағдайларда тереңдігі шамамен 12 метр болатын суы бар құдыққа 1976 жылғы әйел адам құлап кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.


ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін таңертең Юсупов көшесінде орналасқан тұрғын үй ауласында орын алған.

"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шегушіні құдықтан шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.