ҚР ҰҚК Шекара қызметі Өзбекстанға бағыт алған жолаушыларға үндеу жасап, "Қапланбек" өткізу пунктінде көрші елге кіруді күтіп тұрған адамдардың жиналып қалғанын ескертті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметі "Қапланбек" өткізу пунктінде Өзбекстан Республикасына кіруді күтіп тұрған адамдардың белгілі бір деңгейде жиналғаны туралы хабарлайды.
Бұл көршілес аумақтағы "Новои" өткізу пунктінің тіркеу жүйесіндегі іркілістерге байланысты", — делінген хабарламада.
Ведомство Қазақстан тарапынан өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын, ешқандай шектеулер енгізілмегінін мәлім етті.
"Шекара өкілдері шеңберінде өзара іс-қимыл ұйымдастырылды. Өзбек тарапының мәліметінше, ақауларды жою және өткізу пунктінің жұмыс қабілетін қалпына келтіру бойынша шаралар жүргізіліп жатыр.
Сапарларды жоспарлау кезінде осы ақпаратты ескерулеріңізді сұраймыз", — делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз