2025 жылғы 2-6 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің дайындық жоспарына сәйкес еліміздің бірқатар өңірлерінде әскери бөлімдер мен құрамалардың жауынгерлік әзірлігін тексеру бойынша іс-шаралар өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Тактикалық-саптық сабақтар шеңберінде бөлімшелерді дабыл бойынша көтеру, әскери техника лектерінің тұрақты орналасқан жерінен оқу-жаттығу аудандарына, полигондарға және оқу орталықтарына қозғалысы жоспарланған.

Жаттығулар тек оқу мақсатында өткізіледі. Ондағы мақсат – жауынгерлік дайындық деңгейі мен жеке құрамның іс-қимыл үйлесімділігін арттыру, сондай-ақ бөлімшелерді басқарудағы командирлік дағдыларды жетілдіру.

Әскери техниканың қозғалысы барлық қауіпсіздік нормаларын сақтай отырып, қатаң бекітілген бағдарлар бойынша жүзеге асырылатын болады.

Азаматтарды өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, барынша сабырлы болуға және тексерілмеген ақпараттарды таратпауға шақырамыз.