Оған дейін бұл қызметті Нұрлыбек Нәлібаев атқарған болатын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты Қызылорда облысының әкімі етіп тағайындады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың хабарламасында.
Мұрат Ергешбаев 1966 жылы 12 сәуірде Қызылорда қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтының халық шаруашылығын жоспарлау факультетін бітірген (1989), экономист.
Әр жылдары Қызылорда облысында басшылық қызметтер атқарған.
2008 жылдан – Қызылорда қаласының әкімі, 2010 жылдан – Қызылорда облысы қаржы басқармасының бастығы. Қармақшы және Шиелі аудандарының әкімі, 2017-2021 жылдары – Қазалы ауданының әкімі, 2021-2023 жылдары – Сырдария ауданының әкімі, 2023 жылдан бастап мәжiлiс депутаты болды.
Оқи отырыңыз:
Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды