Жол қауіпсіздігі туралы заң жобасы талқыланған мәжіліс отырысында ішкі істер министрінің орынбасарына көлікті қыздыруға қатысты тыйымды алып тастау туралы ұсынысты ведомстводағылар қолдай ма деген сұрақ қойылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бір жыл бұрын көлікті қыздырғандарға айыппұл салу туралы заң нормасы қоғамда қызу пікірталас тудырды. Біз бұл мәселені шешудің түрлі нұсқасын ұсындық. Бұл заң жобасында біз қыста елді мекендерде көлікті қыздыруға салынған тыйымды толығымен алып тастауды ұсынамыз.

Алайда тиісті белгі қойылған тұрғын үй аудандарында шектеу сол қалпында қалады. Бұл ұсынысқа қатысты сіздің пікіріңіз қандай? Ішкі істер министрлігінің өкілі, түсінік беріңізші" — деді депутат Дмитрий Колода.

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов ведомствоның ұстанымын айтты.

"Министрлік бұл ұсыныстарды қолдайды" — деп жауап берді ол.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз