Енді жүргізушілер немесе компаниялар қызметті бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға арнайы хабарлама жіберуге міндетті.


Тиісті өзгерістерді Ұлттық экономика министрлігі енгізді. Жаңа тәртіпке сәйкес, хабарлама нысаны жаңартылып, оған көлік құралы туралы нақты мәліметтер енгізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атап айтқанда, таксиде қолданылатын автокөліктің маркасы, мемлекеттік тіркеу нөмірі және шығарылған жылы көрсетілуге тиіс.

Сонымен қатар, тасымалдаушыларға автопаркті жаңартқан жағдайда – көлікті ауыстырғанда немесе жаңа көлік қосқанда – бұрын берілген хабарламаға өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұған дейінгі жүйеде тасымалдаушы нақты бір көлікке тіркелмейтін. Соның салдарынан жол-көлік оқиғалары кезінде жолаушыларға немесе үшінші тұлғаларға келтірілген зиян үшін жауапты адамды анықтау қиын болатын.

Министрлік енгізген өзгерістер такси қызметінің ашықтығын арттырып, жауапты тасымалдаушыны жедел анықтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл шара заңсыз жұмыс істейтін такси қызметтерінің үлесін азайтуға бағытталған.