Полиция 30 мамырда Жылыой ауданының Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетінде болған жарылысқа және одан кейінгі өртке байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Жанар-жағармай бекетінде орын алған жарылысқа қатысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, кешенді тергеу амалдарын бастады. Полиция қызметкерлері дереу жетіп, қауіпті аумақты қоршауға алып, жедел қызметтердің жұмысын үйлестіруге кірісті". Атырау облысының полиция департаменті
Сондай-ақ автокөліктердің қозғалысы бақылауға алынып, кезекшілік ұйымдастырылғаны да нақтыланады. Жедел жағдай бақылауға алынды.
Бұған дейін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетіндегі өрт пен жарылысқа қатысты жедел штабтың шұғыл отырысын өткізгені хабарланған. Сондай-ақ Құлсарыда жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болып, екі адамның көз жұмғаны, 14 адамның зардап шеккені хабарланған. Зардап шеккендердің төртеуі бал екені де белгілі.