Ол 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды.


Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында "Казахойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

  • 1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
  • 2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
  • 2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
  • 2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
  • 2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
  • 2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
  • 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз:

  • Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды
  • Роман Скляр Президент әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды