Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Айбек Арқабайұлы Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы лауазымынан босатылды", — делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Айбек Дәдебай Президент әкімшілігінің басшысы болып 2024 жылғы 6 ақпанда тағайындалған еді.

Ол 1980 жылы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.

2001-2002 жылдары Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің халықаралық туризм менеджменті кафедрасында оқытушы болып жұмыс істеген.

2008-2011 жылдар аралығында сенат аппаратының парламентаралық байланыс және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, сенат төрағасының көмекшісі міндетін атқарған.

2011-2013 жылдар аралығында атташе, Женевада Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілдігінің үшінші хатшысы болған.

Кейін алты жыл парламент сенаты төрағасы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2019-2021 жылдар аралығында – Президент кеңсесі бастығының орынбасары.

2021 жылғы мамырдан 2022 жылғы қаңтарға дейін – Президент іс басқарушысының орынбасары.

2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы ақпанға дейін ҚР Президенті Іс басқарушысы болды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз