Шығыс Қазақстан облысы әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемендегі төтенше жағдай болған зауытқа барды. Бұл туралы әкім Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

""Казцинк" ЖШС-де болған жағдайға байланысты оқиға орнына бардым.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері жұмыс істеп жатыр, зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.

Жағдай менің жеке бақылауымда"- делінген облыс әкімінің жазбасында.

Еске сала кетейік, бүгін Өскемендегі зауыт аумағында, шаң ұстау цехындағы шаң ұстау құрылғысында газ-ауа қоспасы жарылды. Артынша өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі ішінара опырылған.

Кейін зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жүріп жатқаны хабарланды. Алдын ала мәлімет бойынша 4 адам медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға орнында жеке құрамнан 40 адам және 10 техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы анықталуда.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз