ТЖМ күштері "Казцинк" зауыты аумағындағы өртті оқшаулады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар өртті толық сөндіру үшін конструкцияларды бөлшектеу және өрт ошақтарын су құю жұмыстарын жүргізуде.

Зардап шеккендерді іздестіру жұмыстары жалғасуда. Алдын ала мәлімет бойынша, 4 адам медициналық мекемеге әкетілді.

Оқиға орнында жеке құрамнан 40 адам және 10 техника жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы анықталуда.

ТЖМ жанында жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен өзара әрекет ететін қызметтердің өкілдері кірді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз