"Қызылорда — Павлодар" пойызындағы жағдайдан кейін танымал КВН жұлдызы Ақылбек Скендіровке ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Қызылорда қаласының әкімшілік істер жөніндегі сотының шешімімен бұл азамат кінәлі деп танылып, 20 АЕК (86 500 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салу туралы шешім қабылданды", — деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін желіде қазақстандық әйел "Қызылорда — Павлодар" пойызында болған оқиға туралы айтып, видео жариялады.
"Ол алкогольге мас күйде, менің мазамды алып, қорлай бастады және агрессивті мінез-құлық танытты", — дейді әйел видеода.
Желі қолданушылары кадрлардан танымал КВН жұлдызы Ақылбек Скендіровті танып қойды.
Көліктегі полиция департаменті оған мас күйде қоғамдық орында жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалғанын жеткізді.
Ұсақ бұзақылық ісі процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жіберілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Ақылбек Скендиров (@akylbek_skendirov)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз