Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы мергендер клубының базасында стенд атудан ISSF Әлем кубогі кезеңінің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.


Салтанатты рәсімге Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) президенті Лючиано Росси, Еуропа мергендер конфедерациясының президенті Александр Ратнер, спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ спорт қауымдастығы мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Халықаралық турнир ел аумағында 2–11 мамыр күндері Халықаралық спорттық ату федерациясының қолдауымен өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің 43 елінен шамамен 550 спортшы мен ресми өкіл қатысуда.

Әлем кубогінің бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасындағы трап, скит, сондай-ақ аралас командалық жаттығу – трап-микс енгізілген.

Додада Қазақстан құрамасының сапында 20 спортшы өнер көрсетеді.

Бұған дейін Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында Арина Соболенконы басып озғанын жазғанбыз.