Керісінше, тәртіпті, мұқият жүргізушілерді ынталандыру жоспарланып отыр.

Қазақстанда кикшеринг компаниясы самокатты жалға алу қызметіне рейтинг жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Жүйе биылғы маусымда Қазақстанның Whoosh самокаттары бар барлық қаласында іске қосылады.

Рейтинг жүйесі машиналық оқу алгоритмі арқылы жұмыс істеп, қолданушылар туралы мәліметті жинақтайды. Олардың қанша айыппұлы бары, самокатты қалай жүргізгені, тәртіп бұзғаны – барлық дерек жинақтала келе, қолданушы портреті жасалады.

"Біз предиктивті талдау көмегімен қолданушы самокатты жалға алар кезде ол туралы мәліметке ие боламыз. Сәйкесінше, қолданушы ұқыпты болса, оны ынталандырамыз, ал жиі тәртіп бұзған болса, алдын ала ескерту жасаймыз немесе қозғалу жылдамдығын шектейміз", – делінген компания хабарламасында.

Компания ұсынған статистика бойынша, Алматы мен Астанада апатты не жайсыз оқиғамен байланысты самокатпен жүру оқиғаларының саны азайып келеді.


Оқи отырыңыз:

  • Астанада электр самокаттарының маусымы басталды
  • Алматыда электр самокаттарының маусымы осы аптада басталады