ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында Түркістан облысы, Сайрам ауданында ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Аталған акция барысында «Ауыл» партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы аудан аумағына қылқан жапырақты шырша көшеттерін өз қолымен отырғызды.

Бұл бастама өңірді көгалдандыруға, табиғатты қорғауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.