Бүгін Шымкент қаласында өтетін “AUYL INVEST FEST” балық шаруашылығы форумы қарсаңында дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Аталған іс-шараның жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету мақсатында “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы фестивальдің ұйымдастырылу барысымен танысты.
Дайындық алаңын аралау барысында инфрақұрылымның әзірлігі, қатысушыларға жасалған жағдайлар және көрме аймақтарының орналасуы қаралды. Сонымен қатар, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, форумды сапалы деңгейде өткізу мәселелері пысықталды.
“AUYL INVEST FEST” форумы балық шаруашылығын дамыту, инвестиция тарту және саладағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған маңызды алаң болмақ.