Бүгін Төлеби ауданында маңызды әрі тағылымы мол кездесу өтті. Ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауыл әкімі қызметін абыроймен атқарған, ел ішінде беделі жоғары азамат Абдукаимов Ордабек Мейірбекұлы «Ауыл» партиясының 25 жылдық мерейтойына орай арнайы төсбелгімен марапатталды.

Марапатты «Ауыл» партиясының Төлеби ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Нысанбаев Жасар Тұрашұлы табыстады.

Ордабек Мейірбекұлының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесі зор. Көп жылдық еңбегі мен елге сіңірген қызметі әрдайым жоғары бағаланып келеді.

Осындай ел ағаларының еңбегі – кейінгі буынға үлгі. Партия тарапынан көрсетілген бұл құрмет – ауылды дамыту жолындағы адал қызметке берілген лайықты баға.