Қазақстан қор биржасында (KASE) 2025 жылғы 30 мамырда сағат 15:30-да шетел валюталарымен күндізгі сауда-саттық жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,69 теңгеге көтеріліп, 510,81 теңге болды.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 6,48 теңгеге (+0,04) дейін көтерілді.
Таңертеңгілік саудада қытай юанінің орташа сараланған бағамы 70,73 теңгені (-0,10) құрады.
Ақша айырбастау орындарында доллар 510,3-512,7 теңге, еуро 579-583 теңге, рубль 6,39-6,51 теңге аралығында сатылуда.
30 мамырдағы сауда-саттықта мұнайдың әлемдік бағасы көтерілуде.
Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Брент маркалы тамыз фьючерстерінің құны 0,38%-ға өсіп, барреліне 63,59 долларды құрады.
NYMEX электрондық саудасында WTI маркалы мұнай фьючерстері шілде айына 0,44%-ға өсіп, барреліне 61,21 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 509,26 теңге, еуроны 574,75 теңге, рубльді 6,46 теңге деп белгіледі.