Оқиға 25 мамыр кешкісін орын алған .

Шымкенттегі хайуанаттар бағында жасөспірім қауіпсіздік талаптарын елемей, жануарларға әдейі зиян келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жасөспірімге арнайы қоршаудан асуға болмайтыны ескертілгенімен, ол бұл талапты елемей, түйеқұстың орналасқан аймағына заңсыз кіріп, құсты аяғымен тепкен. Бұдан бөлек, ол өзге жануарлар жүрген аумақтарға да өтіп, оларды әдейі үркіткен.

Шымкент қалалық зообағының мәліметінше, құқық бұзушы тез арада анықталған. Ол – кәмелетке толмаған жасөспірім. Бала мен оның ата-анасы түсініктеме жазған. Жасөспірім Қазақстан заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Зообақ қызметкерлері келушілерден қауіпсіздік талаптарын сақтап, жануарларға зиян келтірмеуді сұрайды.