АҚШ президенті Дональд Трамп Конгреске Иранға қарсы әскери әрекеттердің аяқталғаны туралы хат жолдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
Трамптың жазуынша, АҚШ әскери қызметшілері "Тегеран тарабынан болуы ықтимал қауіптің алдын алу үшін" Таяу Шығыста қалады.
"2026 жылдың 7 сәуірінде мен екі аптаға атысты тоқтату туралы бұйрық бердім. Содан бері атысты тоқтату режимі ұзартылды. 2026 жылдың 7 сәуірінен бастап АҚШ пен Иранның қарулы күштері арасында атыс болған жоқ. 2026 жылдың 28 ақпанында басталған әскери қақтығыстар тоқтатылды", — делінген Трамптың хатында.
Оның сөзінше, қорғаныс министрлігі қажет болған жағдайда "Иранның қарулы күштері тарабынан болуы мүмкін қауіпке қарсы тұру үшін және АҚШ және оның одақтастары мен серіктестерін қорғау үшін "жекелеген елдердегі өз жауапкершілігі аймағындағы күштер тепе-теңдігін реттеуді жалғастыра бермек.
Сондай-ақ Трамптың хатында аймақтағы АҚШ әскерінің жауынгерлік дайындығындағы өзгерістердің толық мән-жайы құжаттың құпия қосымшасында көрсетілгені жазылған.
Басылымның хабарлауынша, 1973 жылғы Соғыс өкілеттіктері туралы заңға сәйкес, АҚШ президенті Конгресстің рұқсатынсыз шетелде 60 күнге дейін әскери күштерді пайдалана алатынын түсіндіреді. Бұл ережеге сәйкес, Трамптың Иранға қарсы соғыс жүргізу өкілеттігі 1 мамырда аяқталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз