Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің 2026 жылғы 22 сәуірдегі өкімімен Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үйлестіру кеңесінің құрамына мыналар енгізілді:
- ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі (төраға);
- ҚР Туризм және спорт вице-министрі (төрағаның орынбасары);
- ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы (хатшы);
- ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі;
- ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі;
- ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары;
- ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары;
- ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
- ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі;
- ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі;
- ҚР Көлік вице-министрі;
- ҚР Қаржы вице-министрі;
- ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі;
- ҚР Оқу-ағарту вице-министрі;
- ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі;
- ҚР Сауда және интеграция вице-министрі;
- ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі;
- ҚР Ұлттық экономика вице-министрі;
- ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі;
- ҚР Энергетика вице-министрі;
- ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
- ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша);
- облыстар әкімдерінің орынбасарлары;
- ҚР Үкіметі Аппаратының индустриялық және инфрақұрылымдық даму бөлімінің меңгерушісі;
- ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік даму және бақылау бөлімінің меңгерушісі;
- "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының авиациялық маркетинг бөлімінің басшысы (келісім бойынша);
- "АСТАНА КОНЦЕРТ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас продюсері (келісім бойынша);
- ҚР "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
- "Бәйтерек" ұлттық инвестициялық холдингі" АҚ басқарушы директоры (келісім бойынша);
- "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша);
- "Креативті индустрияларды дамыту қоры" корпоративтік қорының басқарушы директоры (келісім бойынша);
- "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
- "Оқ-Жетпес" емдеу-сауықтыру кешені" АҚ президенті (келісім бойынша);
- "Туристік Қамқор" корпоративтік қорының директоры (келісім бойынша);
- "Air Astana" әуе компаниялар тобының маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті (келісім бойынша);
- "2ГИС Қазақстан" ЖШС басшысы (келісім бойынша);
- "AB Restaurants" ЖШС директоры (келісім бойынша);
- "Aktau Tourism City Ltd" жеке компаниясының филиалы – "Rixos Water World Aktau" қонақ үйінің бас директоры (келісім бойынша);
- "Freedom Lifestyle Group" атқарушы директоры (келісім бойынша);
- "Galamat Media" ЖШС бас директоры (келісім бойынша);
- "Gastro Tour VKO" жобасының негізін қалаушы және Шығыс Қазақстан облысы туризмінің амбассадоры (келісім бойынша);
- "Harvard Alumni Kazakhstan" қамқоршылық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);
- "HT Tourism Kazakhstan" ЖШС директоры (келісім бойынша);
- "Integra Construction KZ" ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
- "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" АҚ басқарма төрағасы (келісім бойынша);
- "Mega Plaza" ЖШС (Mega Silk Way СОО) директоры (келісім бойынша);
- "Oi-Qaragai" курортының иесі (келісім бойынша);
- "PANA ASIA" ЖШС тең құрылтайшысы және бақылау кеңесінің төрағасы (келісім бойынша);
- "Royal Petrol" ЖШС директорының орынбасары (келісім бойынша);
- "SCAT" әуе компаниясы" АҚ бірінші вице-президенті (келісім бойынша);
- "The First Hotel Ltd" жеке компаниясының кластерлік бас менеджері – "Wyndham Garden Astana" қонақ үйі (келісім бойынша);
- "TripGuida" инвестициялық компаниясының бас директоры (келісім бойынша);
- "Yandex Qazaqstan" ЖШС басшысы (келісім бойынша).
Сондай-ақ Үйлестіру кеңесінің ережесі бекітілді.
Үйлестіру кеңесінің қызметінің мақсаты – туризм саласындағы мемлекеттік саясатты келісімді түрде іске асыруды қамтамасыз ету, туристік саланы дамытуға қатысты негізгі мәселелер бойынша ұсынымдар мен шешімдер әзірлеу, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық компаниялар мен ұйымдардың іс-қимылдарын үйлестіру, сондай-ақ туризм саласындағы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру тиімділігін арттыру.
Алға қойылған мақсаттар шеңберінде Үйлестіру кеңесіне мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттік органдардан, өңірлерден және жеке сектордан туризмді дамытуға қатысты келіп түсетін бастамаларды, ұсыныстар мен жобаларды қарау;
- туризм саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша келісілген тәсілдер мен ұсынымдар әзірлеу;
- туристік нарықта қалыптасып жатқан үдерістерді талдау және болжау негізінде ұсынымдар әзірлеу;
- Үйлестіру кеңесі отырыстарында қабылданған шешімдер мен ұсынымдардың орындалуын бақылау және олардың іске асырылу нәтижелерін бағалау.
Үйлестіру кеңесінің отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі, алайда жылына кемінде бір рет болуы тиіс.