Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2026 жылғы 30 сәуірде Сенат кулуарында Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында Zeekr көлігі қатысқан ірі жол-көлік оқиғасына қатысты тергеудің барысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, қылмыстық іс бойынша барлық дерлік сараптамалар аяқталған.
"Біз жақын арада, шамамен екі апта ішінде тергеуді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Себебі қажетті тергеу әрекеттері аяқталу сатысында, тергеу жұмыстарының соңына жақындап қалдық. Нәтижелері бойынша қосымша хабарлаймыз", – деді Санжар Әділов.
Айта кетейік, 2026 жылғы 21 наурызда Алматыда болған ауыр жол апатынан үш адамның қаза тапқаны белгілі болды.