Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елімізде қай ұлт өкілдерінің саны көп екені туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
Бюроның хабарлауынша, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны — 20 532 240
Жыл басындағы дерек бойынша елде саны бойынша ең көп ұлттар:
1. Қазақтар – 14 664 202
2. Орыстар – 2 943 022
3. Өзбектер – 695 557
4. Украиндар – 367 547
5. Ұйғырлар – 309 164
6. Немістер – 222 890
7. Татарлар – 218 361
8. Әзірбайжандар – 157 568
9. Кәрістер – 120 821
10. Түріктер – 93 234
11. Дүнгендер – 88 165
12. Беларустар – 73 788
13. Тәжіктер – 61 307
14. Күрдтер – 52 077
15. Қырғыздар – 41 459
Айта кетсек, қазақтар ең көп тұратын өңір – Түркістан облысы, онда 1,6 млн қазақ тұрады, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың, өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз