Сенат кулуарында ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойныша сараптама қорытындысы шыққанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ІІМ өкілінің айтуынша, тергеу аяқталуға жақын.

"Тергеушінің тағайындауы бойынша біз сот-психиатриялық сараптама жүргіздік. Нәтижелері дайын.

Ол (айыпталушы – ред. ескертпесі) ақыл-есі дұрыс адам ретінде заң алдында жауап береді. Біз тергеу шараларын жүргізіп жатырмыз. Қазіргі уақытта тергеу аяқталуға жақын", — деді ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қаңтарда кешке Шымкенттегі көпқабатты тұрғын үйдің маңынан жас қыздың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде пышақ жарақаттары болған.

13 қаңтарда күдіктінің Шымкенттен 10 шақырым жерде ұсталғаны белгілі болды.

Сонымен қатар полиция оның сот санкциясымен қамауға алынғанын мәлім етті.

Қоғамда резонанс тудырған оқиғадан кейін Шымкент ПД бастығы Нұрлан Алмасбеков, оның бірінші орынбасары және бірқатар қызметкер қызметінен босатылды.

Биыл сәуірде күдіктінің мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз