Бас прокуратура қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстан азаматын Ресейден экстрадициялады. Ол бірнеше рет алаяқтық әрекет жасады деген күдікке ілінген, деп хабарлайды құзырлы органға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында күдікті 2023 жылы интернет сайттарында шетелдік көліктерді сату туралы көрiнеу жалған жарнамалар жариялау арқылы жеті азаматтың ақшасын ұрлағаны анықталған.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған.
2025 жылғы шілдеде ол Белгород облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланған.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз