31 наурызда Қырымда Ресей Қорғаныс министрлігінің әскери ұшағы апатқа ұшырады. Борттағы барлық адам қаза тапты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Басылымның оқиға болған жердегі дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Ан-26 ұшағы жартасқа соғылған.

Ан-26 әскери-көлік ұшағымен байланыс кеше Мәскеу уақыты бойынша сағат 18:00 шамасында үзілді. Ұшақ Қырым үстінен жоспар бойынша ұшып бара жатқан.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бортқа сырттан ешқандай зиян келмеген.

Борттағы барлық адам қаза тапты.

"Іздеу-құтқару тобы Ан-26 ұшағының құлаған жерін тапты. Оқиға орнынан алынған мәліметтерге сәйкес, алты экипаж мүшесі мен борттағы 23 жолаушы қаза тапты", — делінген Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.

Апаттың алдын ала себебі – техникалық ақау. Апат болған жерде комиссия жұмыс істеп жатыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз