Бүгін, 1 сәуірде елімізде АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасын белгіленген шектен көтеруге тыйым салатын мораторий аяқталды. Сарапшылар баға күрт өспейді деп санайды. Толығырақ KAZ.NUR.KZ порталынан оқыңыз.

2025 жылдың қазанында жанармай мен дизель отынына шекті бағаны белгілейтін мораторий енгізілді:

  • АИ-92 маркалы бензин – литріне 213 теңгеден 239 теңгеге дейін;
  • дизель отыны – литріне 317 теңгеден 337 теңгеге дейін.

Алайда бұл шектеулердің күші 1 сәуірде жойылды. Telegram желісіндегі ENERGY MONITOR арнасындағы сарапшылардың айтуынша, енді баға қалыпты деңгейде өседі деп болжанады.

"Үкімет бензин бағасының күрт өсуіне жол бермеу туралы шешім қабылдады: бензин бағасы айына (алғашқы бірнеше айда) литріне тек 1 теңгеге ғана өседі деп күтілуде.

Еске сала кетейік, мұнайдың қазіргі экспорттық бағасы барреліне 112 доллар, ал ішкі нарықта (мұнай өңдеу зауыттарының қажеттіліктері үшін) барреліне 25 доллар", — деп атап өтті дереккөз.

Жанармай құю бекеттеріндегі АИ-92 бағасы

"Яндекс-карты" мәліметтеріне сүйенсек, 1 сәуір таңертеңгі жағдай бойынша астананың ірі жанармай құю станция желілерінде 2025 жылдың 11 желтоқсанындағы деректермен салыстырғанда (мораторий енгізілгеннен кейін бензин бағасын белгілеудің соңғы күні) бағалар өзгерген жоқ.

Сонымен қатар Алматыда барлық ірі жанармай құю станцияларының желілері бағаны 239 теңге деңгейінде сақтап қалды. 2025 жылдың 11 желтоқсанымен салыстырғанда тек біреуі ғана бағаны төмендетті.

Шымкентте де бағалар былтырғы желтоқсаннан бері өзгеріссіз. Сондай-ақ мұнай өңдеу зауытының болуына байланысты онда мегаполистер арасындағы ең төмен баға сақталған.

Сондықтан сарапшылар мораторий аяқталғаннан кейін АИ-92 бензині мен дизель отынының бағасы "күрт өспейді" деген болжам жасап отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз