Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев және «Қазавиақұтқару» АҚ бас директоры Нұрлан Дүйсебаев Астанада өткен «Қазақстан-Чехия» бизнес форумына қатысты.
Кездесуде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіп кооперациясын дамытуға, сондай-ақ машина жасау, көлік, энергетика, ІТ, авиация өнеркәсібі және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға назар аударылды.
Форум барысында ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ және Чехия Республикасының жетекші авиациялық компанияларының бірі OMNIPOL арасында авиациялық техника саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар әуе кемелерінің техникалық параметрлерін, конфигурациясын және пайдалану шарттарын нақтылау бағытында бірлесіп жұмыс жүргізетін болады. Бұл меморандум екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және Қазақстанның авиациялық-құтқару әлеуетін дамытуға жаңа серпін береді.