Шымкентте бүгін, 31 желтоқсанда көпқабатты тұрғын үйде өрт шығып, 7 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, Шымкент қаласының әл-Фараби ауданында 17-шағын ауданда бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты.

"Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баспалдақ арқылы 7 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрттің ары қарай таралуына жол берілмеді", — делінген хабарламада.

Өрт толықтай сөндірілген.

Құтқарушылар төтенше жағдай туындаса, 112 нөміріне қоңырау шалуды еске салып өтті.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз